12:18, Вчера
Өңірде қоқыс сұрыптау кешені іске қосылды
Фото РСК Атырау
2025 жылдың қаңтар айынан бастап тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешен іске қосылды. Ғимаратта картон мен макулатуран, ПЭТ материалдар, алюминий, төменгі-жоғары қысымды полиэтилен, пластик пен канистрлер сұрыпталады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Зауыт тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін және қайта өңдеуге арналған жабдықтардың толық жинағын шығаратын Испанияның IMABE Innovaciones атты жетекші компаниясының заманауи техникасымен жабдықталған.
- Біз қазір бастапқы А нүктесінде тұрмыз. Бұл жерде қоқыс қабылданып, алғашқы сұрыптаудан өткізіледі. Мұнда сұрыптау желісінде кептеліп қалады-ау деген материалдар таңдалады. Кейін барлығы ірі көлемді сұрыптау аймағына жіберіледі. Ол жақта ірі көлемді қоқыстардың қайта өңдеуге жарамдысы іріктеледі. Ал келесі «електен өткізу» кезеңінде қоқыстың ең ұсақ бөліктері алынады. Одан кейінгі кабинада жұмысшылар материалдарды пластик, металл, картон не қағазға бөліп сұрыптайды, яғни, жұмыс егжей-тегжейлі жүргізіледі. Кешендегі ақырғы кезең — қоқысты пресстеу. Өкінішке қарай, біздің желіде бір ғана пресс машинасы болғандықтан қазір сұрыптауға жатпайтын қалдықтарды пайдаланып жатырмыз,- деді «Арнаулы автобаза» ЖШС қалдықтарды сұрыптау кешенін пайдалану жөніндегі менеджері Олег Янушко
Сұрыпталған дайын қоқыстар арнайы өңдеу орындарына жіберіледі. Жылдық қуаты 150 мың тонна болатын зауытта күніне әзірге 100 тонна қоқыс сұрыпталатынын айта кетейік.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:17
Вчера
12:18
Вчера
Объявления
13:56, 30 января
53
10:04, 20 января
12
13:56, 30 января
15
live comments feed...