
13:07, 29 марта
Қызылқоғада 60 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Фото РСК Атырау
Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында үш қабатты, 60 пәтерлі жаңа тұрғын үй салтанатты түрде пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Шараға қатысқан Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов жаңа қоныс иелерін құттықтап, баспана алу әрбір отбасы үшін маңызды әрі қуанышты сәт екенін атап өтті. Жаңа тұрғын үй NCOC компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасы аясында салынған және баспана кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілген.
Жаңа баспананың игілігін көретін тұрғындар:
• Апатты жағдайда деп танылған үйлерде тұрған 36 отбасы;
• Бірінші және екінші топ мүгедектерінен үш отбасы;
• Көпбалалы бір отбасы;
• Мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған бір отбасы;
• Толық емес 9 отбасы;
• Жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардан 7 отбасы.
Жаңа кешеннің ауласы заман талабына сай абаттандырылып, балалардың ойын алаңдары мен автотұрақ аймағы толықтай жабдықталған.
Қызылқоға ауданында тұрғын үй мәселесін шешу жыл сайын қарқын алып келеді. Өткен жылдардағы нәтижелерге сүйенсек:
• 2022 жылы 14 отбасы баспана алған;
• 2023 жылы 60 отбасы қоныс тойын тойлаған;
• 2024 жылы 84 отбасы жаңа үйге ие болған.
Биыл 150 отбасыға баспана беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта аудан бойынша 900-ге жуық тұрғын баспана кезегінде тұр.
Бұл бастама өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі санала бермек.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:53, Вчера
15
12:53, Вчера
12:53, Вчера
53
live comments feed...