
09:09, 29 марта
IQanat олимпиадасында облыстың ауылдық аймақтарынан 300-ден астам оқушы бақ сынауда

Изображение Sasin Tipchai с сайта Pixabay
Республиканың түкпір-түкпірін қамтитын IQanat олимпиадасында биыл өңір оқушылары да бақ сынауда. Бірінші турдан сәтті өткен Атырау облысының ауылдық аймақтарынан қатысқан 300-ден астам оқушы бүкіл Қазақстан бойынша мың финалист қатарына ену мақсатында үш күн ішінде тестілеуден жарысады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
IQanat қорының академиялық директоры Зухра Шегенова биылғы олимпиаданың басты ерекшелігі Peer-to-Peer жобасы екендігін мәлімдеді.
- IQanat олимпиадасы тек білім байқауы емес, сонымен қатар білім берудегі тәлімгерлік алаңына айналып, жаңа мазмұнға ие болды. Жоғары сынып оқушылары мен IQanat түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер (тьютор) болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін толықтыруға көмектеседі. Біз үшін IQanat – ауыл оқушыларына тек сапалы білім емес, болашаққа деген сенім мен мотивация беретін жоба. Атырау облысындағы Олимпиада – осы бастаманың маңызды кезеңдерінің бірі. Балалар тек білімдерін сынап қоймай, жаңа ортаға бейімделу, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және болашаққа нақты жоспар құру мүмкіндігіне ие болады, - деді ол.
IQanat олимпиадасы жыл сайын ауылдық аймақтардағы 50 000-нан астам 8-сынып оқушысын қамтиды. Олардың 70 пайызы әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардан шыққан. IQanat – жай жарыс қана емес, Қазақстан және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге арналған үш жылдық сапалы дайындықтың мүмкіндігі.
- Мен үшін IQanat Олимпиадасы – үлкен мүмкіндік. Бұл менің білімімді сынап, өзімді дамытуға, жаңа достар табуға және армандарыма бір қадам жақындауға көмектеседі. Олимпиада барысында түрлі тренингтер мен ойындарға қатысып, өзімді жаңа қырынан танып жатырмын, - деді құрманғазылық Гүлсая Бекежанқызы.
Айта кетейік, оқушылар емтиханнан бөлек ынталандыру тренингтеріне, квестерге, командалық ойындарға және дамытушы шараларға қатысады. Балаларға 11 тьютор және IQanat жобасының жеті қатысушысы көмектесіп, олардың өз әлеуетін ашуына және алдағы академиялық міндеттерге дайын болуына ықпал етпек.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:53, Сегодня
15
12:53, Сегодня
53
12:53, Сегодня
live comments feed...