
16:00, 26 марта
Индерде ашық аспан астындағы «Димаш төбе» тарихи мұражайының құрылысы жүруде

Фото РСК Атырау
«Димаш төбе» мұражайы Индербор кентінен шығысқа қарай 8 шақырым жерде, Индер-Қарабау тас жолының бойында орналасқан. Өткен жылдың желтоқсанда басталған құрылысын 2025 жылы маусымда аяқтау жоспарланған.
Бұл туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дарын Ілиясов мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
⁃ Бұл мұражай демалыс орны емес, тарихи-танымдық нысан. Ашық аспан астындағы музейде өңірдің тарихи жәдігерлері, археологиялық олжалар мен мәдени мұралары көрініс табады. Бұл мұражайдың аймақтың туристік тартымдылығын арттырып, Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеуге елеулі үлес қосатынына сенемін,-деді Д. Ілиясов.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:44
Вчера
Объявления
12:53, Вчера
12:53, Вчера
15
10:15, 24 марта
12
live comments feed...