10:00, 24 января
Индерде ірі көлемде мал бордақылау алаңы ашылды
фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жарсуат ауылына қарасты Жаманқұдық қыстағында орналасқан «Асыл-Агро» шаруа қожалығында 250 бас жылқы малына арналған бордақылау алаңы ашылды, деп хабарлайды аудан әкімдігіің баспасөз қызметі.
Аталған шаруашылық өкілі Манап Құлбасовтың айтуынша, шаруа қожалығы 2002 жылы құрылып, 16 800 гектар жерге егін егу, мал өсіру жұмыстарымен айналысып келеді.
- Біздің шаруашылық өткен жылды табысты аяқтады. 40 га жерге картоп, көкөніс және бау-бақша дақылдарын ексек, 100 га жерге тамшылатып суару әдісімен көп жылдық жоңышқа шөбін сеуіп қажетті өнімдерімізді жинап алдық. Былтыр құны 100 миллион теңге болатын мал бордақылау алаңын салып, бүгінгі таңда аталған алаңда 250 бас жабы жылқы малы бордақыда тұр. Жалпы шаруа қожалығымызда 860 бас сиыр, 1 250 бас қой, 135 бас түйе, 1 200 бас жылқы малын өсіріп отырмыз, - деді М.Нуфтоллаұлы.
Оның айтуынша, «Асыл-Агро» шаруашылығы 2021 жылы Түркия мемлекетіндегі «АФКО» фирмасынан жаңбырлатып суару құралдарын сатып алған.
Айта кету керек, «Асыл-Агро» шаруа қожалығы Индер ауданындағы Жарсуат ауылынан 22 шақырым қашықтықта орналасқан. Шаруашылық 15 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, мал сою алаңы мен ет өнімдерін консервілеу, шұжық өндіретін арнайы цехтары жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта шаруашылық өнімдерін облыс көлемінде тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынылып келеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
09:49, 17 декабря
09:49, 17 декабря
53
live comments feed...