• Главная
  • 10 атыраулық жастың жобасы қаржылай қолдауға ие болды
11:02, Сегодня

10 атыраулық жастың жобасы қаржылай қолдауға ие болды

Фото РСК Атырау

Фото РСК Атырау

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы «Тәуелсіздік жастары» грантының иелерінің марапаттады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жоба белсенді, әрі дарынды жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған. 14-35 жас аралығындағы азаматтардан 139 өтініш қабылданып, 94 жоба  іріктеуден өткен.Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаларды бағалау барысында оның жаңашылдығы мен өтімділігіне жоғары басымдылық берілген.  Ғылым, мәдениет, медиа, IT және бизнес бағыты бойынша 10 жастың жұмысы үзлік атанып, әрқайсысына  1 млн  теңгелік сертификат табысталды. 

Медиа бағыты бойынша үздік жоба авторларының бірі  - жылыойлық Нұрлыбек Амандықов. Ол өзінің әуенді ертегілер мен танымдық бағдарламалардан құралған балаларға арналған медиа жобасын ұсынған. 

- Негізі бұл жобаны команда болып дайындадық.   Алдағы уақытта балаларды танымдық бағдарламалармен, әуендік ертегілермен қуантатын боламыз. Нақтырақ айтсақ, қазақ балаларына ертегіні қызығырақ жеткізу мақсатында әуенді бағытта өзгертіп шығарамыз. Одан бөлек,  қазақтың салт-дәстүрін танымдық, интелектуалдық бағдарламалар арқылы жеткізгіміз келеді ,- деді Н.Амандықов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #молодежь #финансовая поддержка
Объявления
live comments feed...