• Главная
  • Атырауда 249,8 шақырым электр желісі жаңартылды
10:10, 12 декабря 2023 г.

Атырауда 249,8 шақырым электр желісі жаңартылды

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі.

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде аймақтағы электр жүйесіне тоқталды. Қазіргі уақытта  облыс үшін маңызды нысандардың бірі «KEGOC» АҚ Батыс аймағының электр желісін кеңейту мақсатында 220 кВ «Орал-Атырау-Құлсары-Бейнеу» 792 шақырым желісінің екінші тізбегінің жұмыстарын аяқтады. Бұл желіні іске қосу арқылы Ресейден 200 МВт электр қуатын алуға болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Сонымен қатар «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ АҚ (ЭЧ-4 мекемесі) қарасты облыстағы 13 елді мекендегі электр желілерін ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Биыл Қызылқоға ауданының Жантерек, Мұқыр ауылдарында, Мақат ауданының Доссор, ПМС бекетіндегі электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталды. Жыл соңына дейін Кенбай ауылында электр желілерін ауыстыру жұмыстарын аяқтаймыз. Сонымен қатар, бюджет есебінен тиісті қаражат бөлініп, осы жылдың қараша айында Атырау қаласының Зарослый ауылы тұрақты электр желісімен және көше жарығымен қамтылды. Ал Береке, Сарыөзек елді мекендерін тұрақты электр энергиясымен қамту үшін жүріп жатқан жұмыстар осы жылы аяқталып, іске қосылады. Осы жұмыстардың нәтижесінде биыл облыста 

249,8 шақырым электр желісі жаңартылды,-деді С.Шәпкенов.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы 250,1 шақырым болатын Атырау қаласындағы және Томан, Ақкөл, Сағыз, Мақат елді мекендеріндегі электр желілерін ауыстыру жұмыстарын

2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #электр желілері
Объявления
live comments feed...