16:00, 23 ноября 2023 г.
Биыл өңірде кәсіпорындармен 9 млрд теңгеден астам сомаға тауар өндірілді
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Биыл қаңтар-қазан айлары бойынша Атырау облысының өнеркәсіп орындарымен 9 млрд 135 млн 800 мың теңге сомасына тауар өндіріліп, қызмет көрсетілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Өнеркәсіп өндірісінің индексі 114,1% құрады. Жалпы республикалық көлемде Атырау облысының үлесі – 24%. Өңірімізде өнеркәсіптің үлес салмағында едәуір орын алатын секциялар тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу. Аталған сала үлесі 92,4%,- деді Н.Құмарғалиев.
Сондай-ақ оның айтуынша, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 114,6% құраған. Бұл саланың басым бөлігін шикі мұнай және табиғи газ өндіру – 97%, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 1,2%.
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі 6,2%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау қызметі 0,9%, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер 0,5% құрап отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:02, 16 декабря
12
09:49, 17 декабря
53
09:49, 17 декабря
15
live comments feed...