• Главная
  • Құрманғазы ауданында дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті
10:00, 23 июня 2023 г.

Құрманғазы ауданында дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі

Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Медицина саласы қызметкерлерінің мерекесімен тұспа-тұс келген нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов қатысып, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

Нұржау дәрігерлік амбулаториясы 1974 жылы салынған. Аумағы 168 шаршы метрді құрайтын мекемеге осыдан 14 жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.  Ал қазіргі күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың қазан айында басталған болатын.

Медициналық нысан 3 мыңға жуық  ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Мұнда, екпе алу бөлмесі, процедуралық емдеу бөлмесі, зертхана стандартқа сай жасалынған.

Жөндеу жұмыстарына тапсырыс беруші аудандық аурухана мекемесі болса, жұмыстарын жүргізген «Құрманғазы строй груп» ЖШС. 

Айта кетейік, дәрігерлік амбулаторияда қазіргі таңда 7 қызмет жұмыс атқарады. Мекеме басшысынан басқа жоғарғы санатты аға мейірбеке, жоғарғы санатты жалпы тәжірибелік мейірбеке, лаборант, мейірбеке бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жөндеу #дәрігерлік амбулатория
Объявления
live comments feed...