14:00, 1 июня 2023 г.
Атырау облысындағы қандастар үшін «Ашық есік күні» өтеді
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әділет департаментімен азаматтарға құқықтық мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Ашық есік күні» 2-маусым күні, сағат 15.00-де облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді. Оған Әділет департаментімен бірге нотариус, адвокат және жеке сот орындаушылары қатысып, құқықтық кеңестер береді.
-Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 269 бұйрығымен бекітілген «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасы аясында осындай іс-шара ұйымдастырғалы отырмыз. Аталған құқықтық кездесудің негізгі мақсаты – қандастарға кеңінен құқықтық тұрғыда әлеуметтік мәселеліріне қатысты, яғни адвокаттармен белгіленген санаттағы азаматтарға тегін заң көмегін көрсету. Өңірімізге көшіп келген барша қандастарды осы жиынға шақырамыз,- деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Мәмбетов.
Айта кетейік, «Ашық есік күні» бойынша қосымша сұрақтарға шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімінің бас маманы Айдын Ахметов жауап береді. Байланыс нөмері: 8 775 192 2255, 8(7122) 32-32-55.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
09:49, 17 декабря
09:49, 17 декабря
15
12:37, 20 декабря
12:37, 20 декабря
live comments feed...