• Главная
  • 2018 жылдан бастап БАҚ туралы жаңа заң дайындалады
15:32, 24 ноября 2017 г.

2018 жылдан бастап БАҚ туралы жаңа заң дайындалады

2018 жылдан бастап  БАҚ туралы жаңа заң дайындалады

Егер елімізде мемлекеттің мүддесіне қатысты жағдай туындаса, мемлекеттік органдар үш сағат ішінде сол жағдай туралы тиісті ақпаратты беруі қажет. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасында өткен «Ашық диалог» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бағдарламада ведомство басшысы Мәжілісте мақұлданған БАҚ туралы заңнамаға енгізілген түзетулердің маңызды бөлігін түсіндірді. Дәурен Абаевтың айтуынша, аталған заңда «алтын уақыт» ережесі бар.

«Егер елімізде мемлекеттің мүддесіне қатысты жағдай туындаса түрлі салаға жауап беретін мемлекеттік органдар үш сағат ішінде сол жағдай туралы ақпарат беруге міндетті. Менің ойымша, бұл – заңның маңызды тұсының бірі», - деді ол.

Сондай-ақ Ақпарат және коммуникациялар министрі 2018 жылы БАҚ қызметін реттейтін жаңа заң жобасын дайындау бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

«Бұл – өте ұзақ және күрделі процесс. Ол сарапшылық және мемлекеттік деңгей тарапынан көп жұмыс жүргізуді талап етеді. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ түрлерінің барлығы аталған мәселеге назар аударуы қажет. Жұмысты ендігі жылдан бастауға дайынбыз. Бірақ бұл іс бір жылда бітпейді. Өкінішке қарай, менің ойымша, (жаңа заң жобасын дайындау – автор) 2-3 жылды талап етеді», - деді Дәурен Абаев,

Айта кетейік, 22 қарашада Мәжіліс БАҚ туралы заңға жасалған түзетулерді екінші оқылымда қабылдаған болатын.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#заң #БАҚ
Объявления
live comments feed...