• Главная
  • Атырау облысында 40 мың тонна қалдық қайта өңделген
15:19, 24 ноября 2017 г.

Атырау облысында 40 мың тонна қалдық қайта өңделген

Атырауда «Қалдықтарды басқару» тақырыбында өткізілген  форум өз жұмысын бастады.

Еліміздегі іргелі мұнай-газ компаниясының өкілдері бас қосқан аталмыш жиында тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау, қайта өңдеу мәселелері сөз болды.

Өткен жылы Атырау облысында 111 мың тонна қалдық шығарылып, оның 40 мың тоннаға жуығы қайта өңделген.

«KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық Қауымдастықтың атқарушы директоры Вера Мустафинаның айтуынша, бұл саладағы мәселелерді пршешуге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе екен дейді. Өйткені, қалдықтарды жинау, өңдеу бизнесінде кәсіпкерлерге көптеген кедергілер бар.

Форум барысында «ТШО» ЖШС-інде қоқыстарды жинау, қалдықтан жаңа өнім шығару бір жолға қойылғандығы мен «НКОК» компаниясында бұл мәселе екі бағытта жүзеге асырылып отырғандығы туралы да сөз етілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#қалдық #өңдеу
Объявления
live comments feed...