15:11, 22 ноября 2017 г.
ШЕТЕЛДІК ОҚУ ОРЫНДАР ТАНЫСТЫРЛДЫ
Кеше Атырауда шетелдік компаниялардың қызметтерін ұсынып жүрген Capital Education агенттігі «Шетелде білім алу» тақырыбында көрме ұйымдастырды.
Аталмыш шарада АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Германия, Қытай, Испания, Швецария, Канада сияқты елдерде орналасқан ЖОО-ры таныстырылды. Көрмеге шетелде білім алуға ниетті студенттер мен ата-аналар келіп кеңес алды.
-Асель Жакупова- Халықаралық білім бөлімінің жетекшісі:
Бүгінгі көрмеге Capital Education ұйымдастыруымен әртүрлі бағдарламалар мен әр түрлі жоғары сұранысқа ие ЖОО оқу орындары қатысып отыр. Оның ішінде мемлекеттік және жекеменшік оқу орындары да бар. Сонымен қатар орта білім беретін мектептер де таныстырылып отыр. . Біз Атырауға жылына екі рет келеміз. Сәуір және қараша айларында.
Наталья Волчугова- аймақтық менеджер:
-Мен қабылдау комиссиясы ретінде Ұлыбританияның ең мықты колледждерінің бірі- Cardiff sixth from college-ін таныстыруға Лондон қаласынан келдім.. Ол Ұлыбританияның өте әдемі әрі қауіпсіз деп саналатын Кардифф қаласында орналасқан және Dukes Education білімділер группасына кіреді. Қазіргі таңда колледжімізде қазақстандық студенттер де білім алып жатыр. Сонымен қатар Халықаралық дәрежеде 8 жыл бойы білім саласынан көш бастап келеміз. Былтыр 18 студентіміз Кембридж университететіне қабылданды.
-Мырзабаев Әділет- APEC PetroTechnic колледжінің студенті:
Мен ағылшын тілін еркін меңгеріп, шетелде білім алуды жоспарлап жүрмін. Сол үшін де шетелдегі оқуорындары туралы кеңес алуға осында келген болатынмын. Мысалы: АҚШ- та мемлекеттік гранттар жоқ екен. Тіпті өздерінің студенттері де ақылы түрде оқиды. Ал Ұлыбританияға келер болсақ, онда оқу ақысы 2 есе қымбат. Алайда бәрі GPA- ға байланысты. Егер сіздің бағаларыңыз жоғары болса стипендияға ие бола аласыз.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
09:49, 17 декабря
11:02, 16 декабря
12
09:49, 17 декабря
15
live comments feed...