18:35, 30 декабря 2024 г.
Атырауда 554 жол көлік оқиғасы бойынша еурохаттама толтырылды
Изображение Анна Иларионова с сайта Pixabay
Өңірде жыл басынан бері «Еурохаттама» мобилді қосымшасы арқылы 554 ұсақ жол көлік оқиғасына қатысы бар жүргізушілер полиция қызметкерлерін шақырмай және сотқа жүгінбей-ақ жеңілдетілген тәртіпте сақтандыруды рәсімдеген. Бұл туралы Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аманжол Жұмалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл қосымшаның көмегімен жүргізушілер жол көлік оқиғасын тіркеп, сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім береді. Еурохаттама арқылы жол көлік оқиғаларын рәсімдеу үшін міндетті үш шарт бар. Яғни, жол-көлік оқиғасына екі көлік ғана қатысқан кезде, жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болса және өзара келіспеушіліктер орын алмаса, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде денсаулыққа зиян келмесе және көлікке келтірген залал сомасы 100 АЕК-тен (369 000 тг) аспаған жағдайда еурохаттама толтырылады.
Осындай тәртіпте жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін мобилді телефонға «Еурохаттама» қосымшасын жүктеп алып, тіркелу рәсімін жүргізу және оқиға материалдарының фото және видеосын салу керек. Қажет болса қосымшаны тиімді пайдалану мақсатында жүргізушілер жақын жердегі полиция бөлімшесіне жүгіне алады. Олар қосымшаны пайдалану кезінде көмек көрсетеді.
Еурохаттаманың артықшылықтары:
Ұсақ жол көлік оқиғаларын рәсімдеу үшін полицияны күту қажет емес;
Жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды;
Әкімшілік және сот рәсімдерінің болмауына байланысты сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады. Нақтырақ айтқанда, егер бұрын осының бәрі 30 күннен 90 күнге дейін уақыт алса, қазір хаттама тіркеу сәтінен бастап төлемді алуға 5 күн уақыт ғана кетеді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:37, 20 декабря 2024 г.
live comments feed...