• Главная
  • Халықтың табиғи өсімі 2,03% кеміді
12:17, 21 ноября 2017 г.

Халықтың табиғи өсімі 2,03% кеміді

Халықтың табиғи өсімі 2,03% кеміді

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыс бойынша халықтың табиғи өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,03%  кеміді.                                            

Туғандар саны 2016 жылғы сәйкес кезеңнен 2,6% немесе 332 адамға кеміді. Облыс  бойынша ең жоғары туу көрсеткіші  1000 адамға шаққанда  Атырау қ.ә. және Жылыой ауданында– 29,16, Мақат – 25,84, Индер – 23,07 баладан болды.

Осы кезең ішінде тіркелінген өлім саны 4,7%, ал 1 жасқа дейінгі сәби өлімі 5,8% кеміді. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар өлімі 31 адамды  құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 19,2%  артты.   

Халықтың табиғи  қозғалысының көрсеткіштері

Тіркелінген өлім жағдайларының қомақты үлесін қан  айналу жүйесінің  зақымдану  ауруы иеленеді, алайда оның үлесі 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 4,7%  кеміді.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте жаңа өскіндерден 372 адамның  өлім жағдайы тіркелінді немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6% және тыныс органдары ауруларынан 372 адам немесе 1,6% өлім жағдайына кеміп отыр.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте некеге отырғандар саны 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда  1,4%, ал  ажырасушылар саны 4,2% артты. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#табиғиөсім
Объявления
live comments feed...