• Главная
  • KADRIN JACKSON: « ЕРЕКШЕЛІК ҚОРҚЫНЫШ ТУДЫРАР БОЛСА, ӨЗГЕЛЕРДЕН ЕШҚАШАН ДАРАЛАНА АЛМАЙСЫЗ»
14:30, 21 ноября 2017 г.

KADRIN JACKSON: « ЕРЕКШЕЛІК ҚОРҚЫНЫШ ТУДЫРАР БОЛСА, ӨЗГЕЛЕРДЕН ЕШҚАШАН ДАРАЛАНА АЛМАЙСЫЗ»

Өзіндік ерекше стилімен дараланып, 2013 жылыәйгілі корейәншісі PSY-дың « Gangnam style» бейнебаянына пародия жасап, өзінің миллион көрсетіліміменғаламторды дүр сілкіндіргенҚадырбек Назиров Атыраудың өнерлі жастарының бірі.  Қазіргі таңда Michael Jackson-ның ізімен келе жатырған талантты пародист жастар арасында Kadrin Jackson есімімен танымал. Бүгінде бос уақыты бола бермейтін Қадырбекпен сұхбаттасудың реті түскен болатын. Ендеше, сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

- Білім нәрімен сусындаған оқу ордаңызбен таңдаған мамандығыңыз туралы айта кетсеңіз.

- Мен Балықшы мөлтек ауданында туып өстім. Негізгі орта мектепті, яғни 9-сыныптыпты аяқтадым. Кейінен Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжіне (ПСК) оқуға қабылданып, ЖОО-нын Орал қаласындағы КАЗИИТУ университетінде экономист мамандығы бойынша тәмамдадым. Жалпы бұл мамандықты мен емес  ата-анам таңдаған болатын. Алаңдауға арзитын тағдырыма уайым қылған ата-анамның таңдауы келешегімнің кәміл болатына сендіріп бетін қайтармадым. Алайда сол мамандық бойынша екі-ақ күн жұмыс жасадым. Себебі ол маған арналған жұмыс емес. Менің ойым әрдайым сахнада болды. Жалпы әкем өнерге жақын адам. Бірақ ол жай сүйіспеншілігі ғана болған. Ешқашан тәуекел етіп бимен немесе әнмен шұғылданбаған. Әкем әрдайым маған шабыттандыратын сөздер айтып, қолдап отырады.

- Би билеуді қайдан үйрендіңіз?

- Мектеп кезінде тәрбие сағаттарында әнді де айтып, биді де билеп жүрдім. Ол кезде ешқандай кәсіби түрде емес жай ғана халық алдына шыққанға қуанатын едім. 8-9 сыныптар кезінде басқа мектепте ауысып, күзгі баллға қатысқаным есімде. Сол мезгілде билеп көрермендердің ерекше ықыласына бөлендім. Содан бастап қошемет пен құрметті жақсы көремін. 2009 жылы ғаламтордың енді дами бастаған кезі еді. Өзімше бидің түрлерін іздеу үшін ғаламтор беттерін ақтарып отырып Майкл Джексонсың бейнеклиптеріне көзім түсіп кетті. Сол жылдары поп музыканың королі қайтыс болған уақыт еді. Содан бері Майклдың ең үлкен жанкүйері болып келемін.

- Білуімше, «Биле Қазақстан» жобасына қатыстыңыз. Жобаға қатысу ойыңызға қайдан келді?

-Иә, былтыр катысқан болатынмын. Ондағы мақсатым- жеңіс емес, жай ғана өз күшімнің дәрежесін анықтағым келді. Кастингтен өтіп халық ықыласына аз да болса бөленіп үлгердім. Жалпы сайысқа 400 адам бағын сынап, соның 100 адамы ғана қабылданды. Олардың ішінде менде бармын.Сайыстың ережесі бойынша 2-3 сағат ішінде билеп, шоу көрсету болды. Мен онда бірінші турдан ғана өттім. Ал екінші турда қобалжу болғандықтан аяқ астынан биімді ұмытып қалдым. Алайда онда екінші рет мүмкіндік берілмейді. Дегенмен, өкінген емеспін. Өйткені осы байқау арқылы өзіме тәжірибе жинақтадым.

- Сонымен қатар өзіңіздің би тобыңыз бар. Онда қанша адам бар? Қашан құрылды?

- Тобымда 5 адам бар. Олар менің достарым. Мен олардың қолдауынсыз ештеңеге жете алмас едім. Біз дәл осы жылы топ болып құрылдық дей алмаймын. Себебі мен оларды тобым ретінде емес, өмірлік достарым ретінде сыйлаймын.

-Жалпы ғаламтор желісінде өзіндік хареографияңызбен көңілді бейнеклиптер түсіріп танылып жүрсіз. Клипті кім түсіреді немесе демеушісі бар ма? Сценарийін кім жазады?

-Әр жыл сайын түрлі трендер шығып, түсірілім стильдері де өзгеріп өтіреді. Сондықтан бір студияғатоқталған емеспін. Менің ойымды кім жеткізе алады соған бейнеклиптерімді сеніп тапсырамын. Ал бұрынғы клиптерімді Нұрсұлтан Базарбай, Бекболат Нарықов пен «Бәйтерек» студиялары түсірді. Жалпы сценарийге келер болсақ, ол ешқандай сценарийстерді қажет етпейді. Достарымыздың арасында ақылдасып, өзіндік идеяларымызбен бөлісу кезінде пайда болады. Соңғы түсірген «24к magic» атты клипімді«ЖасҚоғам» жастар саясаты қоғамының демеушілігімен түсірдік. Оларға айтаралғысымшексіз. Ал басқа клиптерімді өзім түсірген болатынмын.

-Құпия болмаса бір клип түсіру үшін қанша қаржы кетеді?

-Соңғы бейнебаяным 800 мыңға шықты. Ал бұрыңғы клиптеріме 200-300 мың теңгедей қаражат кетті. Бұл өзіме ұнайтын нәрселер болғасын қаржы мәселесіне сараңдық танытқым келмейді.

-Астана қаласынан Forte Bank-тың арнайышақыртуымен «Thriller» Hallowen Partyатты клипіңіз түсірілді. Одан басқа қандай шақыртулар болды?

-Бұл Capital Education ағылшын тілін үйрететін орталық пен Fortе Bank серіктестестігінің ерекше Хэллуин мерекесін өткізу мақсатындаұйымдастырылған түсірілімі болатын. Онда мен херегроф ретінде жұмыс атқарып,банк қызметкерлеріне би қымылдарын үйреттім. Одан бөлек, тойларға флешмоб ұйымдастырып беруге көптеген тапсырыстар аламын. Сонымен қатар вайндар мен қысқа метражды бейнероликтер түсіруге де ұсыныстар түсіп жатады. Алайда мен оларға аса қызығушылық танытпаймын. Себебі мен біреудің идеясымен емес, жүрегім қалаған ерекше нәрселермен айналысқым келеді.

- Соңғы «Байзар» сауда орталығында түсірген « PHENOMEN, 24к magic» атты бейнебаяныңтуралы баяндасаңыз. Бейнеклипте Рамис Кулахметовте бой көрсетеді. Оны арнайы шақырттыңыз ба?

-Біз осы жылы тобымызға «PHENOMEN»деп атау бердік.Атау «ерекше құбылыс» деген мағынаны береді. Иә, «24к magic» атты клипімеРамисты арнайы шақырттым. Өйткені, клипті ашу үшін толық, денесі үлкен ерекше образды адам керек болды. Шақыртуымды жерге тастамай келген Рамиске де ризамын!

- Осы бейнебаянды түсіру барысында өз стиліңізді де өзгерттіңіз. Бір сарындылыққа үйренген менталитетіміз теріс қабылдайды дегенқорқыныш болмады ма?

-Мен барлығы сияқты емес, ерекше болғанды қалаймын.Ерекшелік қорқыныш тудыра берер болса, сіз ешқашан өзгелерден даралана алмайсыз. Түсірілм кезінде мазақ еткендер болды. Бірақ  аса қатты мән бермедім. Осылай күмілжіген сөздер болатынын алдын ала білген едім. Бұл америкалық стиль және клиптің бағыты да соған байланысты. Өкінішке орай көпшілік түсіне бермейді.

- Тойға жиі шығасыз ба? Тойға шығу құныңыз қанша? Қарапайым халықтың қалтасы көтереді ме?

- Иә, тойға шығамын. Тек өз облысымызда ғана емес, басқа да қаларға шақыртулар болады. Шымкенттен басқа Қазақстанның барлық облыстарында болдым. Қаржы жағына келсек, бір номер үшін30-50 мыңның арасында өнер көрсетіп жүрмін.

-Тойдан бөлек қаражат көзін қалай табасыз?

-Қазір жалпы «Бәйтерек» студиясында оператор-монтажер болып жұмыс жасаймын. Бұл менің шығармашылығыма қаржы жинауға бірден-бір көмек.

-Арманыңыз қандай?

-Арман көп. Қол созған сайын олар көкжиек сияқты алысқа созыла береді. Ең үлкен арманым- Қазақстанда өзіндік орны бар, ерекше стильдегі әнші болғым келеді. Сол армандарымды орындау мақсатында жеке студиямды ашқалы жатырмын.

- Атыраулықтарға арналған әдемі тілегіңіз болса...

- Жалпы Атырау деп бөлмей-ақ жалпы қазақстандықтарға айтарым: еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Той жасаудан жалықпайтын халықымызда той бизнестен гөрі, шоу бизнес көбірек дамыса деймін. Әйтпесе,сұп-суық қалалардың негативті жаңалықтары адамдарға кері әсер беріп, сұрқай өмірде қатулы адамдар көбейіп барады. Сондықтан барлықтарыңызға жарық жарқыраған әдемі өмір тілеймін!

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...