• Главная
  • Атырауда алғаш рет өңірлік көшбасшылар слеті өтті
15:18, 16 ноября 2017 г.

Атырауда алғаш рет өңірлік көшбасшылар слеті өтті

Атырауда алғаш рет өңірлік көшбасшылар слеті өтті

Атырау облысында алғаш рет жастар ресурстық орталығында «Жастардың өзін-өзі басқаруы мемлекетпен тығыз қарым қатынасы ретінде» өңірлік көшбасшылар слеті өтті. Слеттің басты мақсаты-облысымыздағы жоғары оқу орындары және колледж көшбасшыларымен кездесіп, өзін-өзі басқару ұйымдарының өнер, қоғам, білім және мәдениет саласындағы жұмыстарын жандандыру. Аталмыш слетке өңіріміздегі үш жоғарғы оқу орынымен он бес колледж  студенттері қатысты. Слет барысында әр оқу орындарының ішінен болады.  Х.Досмұхмедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен агротехникалық колледжі осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстары және жоспарларымен таныстырды. Сондай-ақ, аудитория іші жастардың энергиясымен қызу пікірталасқа ұласты. Студенттер өз ойлары мен ұсыныстарын жеткізіп, қазіргі замандағы жастар арасындағы өзекті мәселелер қозғалды.

Дәурен Сейтқалиев, "Жастар таңдауы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

-Өзін-өзі басқару органдары көшбасшыларының өңірлік слеті биыл Атырау өңірінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Осыған орай, біз әр оқу орындарынан белсенді студенттерді шақырып, қазіргі жастар арасындағы мәселелерді талқыға салдық. Бүгінгінің жастары өте еңбекқор және өз ойларын ашық айта алады. Слет студенттер өз бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып, қоғамдық іс-шараларға белсене араласуын мақсат етеді.

Сонымен қатар, слет барысында дебат ойындарының жетекшісі Абылай Құрметұлы «Форсайт-дебат» тақырыбында «елде болып жатырған өзгерістер мен мемлекеттік жастар саясатының даму болашағы»  туралы мәлімдеме жасады. Сондай-ақ студенттер арасында топқа бөлініп, алты тақырып бойынша, атап айтсақ «XXI ғасырдағы білім жүйесінің үлгісі қандай болуы қажет? Жаһандану заманындағы ұлттық тәрбиенің кенжеленбеуі, кітапман жастың образы, жастар латын әліпбиін қолдайды, өзін-өзі басқару форматы қандай? Жаңа өмірге аяқ басқан жас отбасы мәселелері» туралы қызу пікірталас жүргізді.

Айта кету керек, өзін өзі басқару органдары көшбасшыларының өңірлік слеті  тек Атырау өңірінде ғана емес, Қазақстанның әр облысында өтті. Осыған орай, слет соңында жастар саясаты мәселелері  басқармасы мен жастар ресурстық орталығының басшылары ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновпен видео-конференция арқылы тікелей байланысқа шығып, есеп берді.

Сұлтанбек Бекболсын, Атырау мұнай және газ университетінің студенті:

Бүгінгі өткізіліп жатырған өзін өзі басқару органдары көшбасшыларының өңірлік слеті өте ауқымда және жоғарғы деңгейде өтті. Көптеген жастармен танысып пікір алмастық. Осы таныстығымыз ұзағынан болып, болашақта көптеген шараларды бірігіп атқарамыз деп сенемін. Жастардың басын біріктіріп, олардың көкейлеріндегі сұрақтарын саралап тыңдаған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...