• Главная
  • Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал
14:26, 15 ноября 2017 г.

Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал

Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты сәрсенбі күні еліміздің кей жерлерінде қар, кей жерінде жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл облысының бірқатар жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ауарайы #тұман #көктайғақ
Объявления
live comments feed...