16:23, 8 ноября 2017 г.
«Ақтөбе - Атырау» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды
Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев «Ақтөбе-Атырау» автожолын қайта жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстарын бастауға пәрмен берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Ашылу рәсіміне «Todini Costruzioni Generali SpA» (Италия), SPIK Accord (Әзірбайжан), Ташиапи Иншаат (Түркия), Ant Inshaat (Түркия), «Dongsung» компаниясының халықаралық инженерлері (Корея), қадағалау қызметін атқаратын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және басқа да мердігер ұйым өкілдері қатысты.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Ақтөбе облысында жалпы ұзақтығы 629 шақырым болатын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» учаскесі салынды.
Инвестициялар және даму министрлігінің хабарлауынша қазіргі уақытта ұзақтығы 500 шақырым болатын Ақтөбе-Атырау учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары қалып отыр. Бұл бөлік Ақтөбеден Атырау мен Маңғыстауға дейінгі бағытты байланыстыратын «Нұрлы жол» бағдарламасына енгізілген. Осы бағыт арқылы Ресей Федерациясының Астрахань және Орталық Азия мен Парсы шығанағына шығуға мүмкіндік бар. Автомобиль жолын қайта жаңғыртудың нәтижесінде жолға кететеін уақыт айтарлықтай қысқарады. Сонымен қатар, бұл жерде шамамен 2 мыңға жуық адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі және олардың 90% -ы жергілікті тұрғындар болады.
Айта кетейік, 455 шақырымдық Ақтөбе-Атырау автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарына Азия даму банкі мен Ислам даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарының несиелері тартылатын болады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
09:49, 17 декабря
09:49, 17 декабря
15
12:37, 20 декабря
12:37, 20 декабря
live comments feed...