14:14, 6 ноября 2017 г.
Жел күшейіп, көктайғақ болуы ықтимал
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
Тек республиканың батысы және солтүстік-батысы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
09:49, 17 декабря
53
11:02, 16 декабря
12
09:49, 17 декабря
live comments feed...