13:24, 4 ноября 2017 г.
Атырауда 75 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспаналы болады
Бүгінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған көп пəтерлі үйлердің түгелге жуығына тұрғындар қоныстанып үлгерді.
Бұл туралы Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Аймақта ипотекалық қарыздарды субсидиялайтын жаңа бағдарлама жергілікті тұрғындар арасында зор сұранысқа ие. Мемлекеттік қолдауға ие болған 68 отбасы қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін тағы да жеті отбасы баспаналы болады. Бағдарлама операторларының айтуынша, 10% сыйақы мөлшерлемесі мен мемлекет тарапынан ұсынылатын субсидия сынды тиімді шарттар қатысушыларды қатты қызықтырады екен.
— «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2016 жылдан бері коммерциялық банктердегі ипотекалық қарызды субсидиялау науқаны бастау алған. Субсидияланатын қарыз төлемі 10 пайызды құраса, қалған бөлігін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» төлейді. Бір ерекшелігі, несие алар кезде қарыз алушы банкке комиссиялық жарна төлемейді, — дейді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Атырау аймақтық бөлімшесінің директоры Əлімжан Дабысов.
Субсидиялау бағдарламасы жылына 10 пайыздан аспауы тиіс ақырғы пайыздық мөлшерлемені төмендетуге бағытталған. Аталған бағдарламаға қатысушы ипотекалық берешекті төмен пайызбен алады, қалған 7 пайызын мемлекет субсидиялайды. Бұл механизм ипотекалық несиелеуді дамытуға, тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.
Атырау облысында əлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға несиелік жəне жалға берілетін мың жарым пəтер салу жоспарлануда.
«Биыл 37 көп пəтерлі тұрғын үй салу жоспарланып, оның 29-ы, яғни 1617 пəтер пайдалануға берілді. Қалған сегіз үйдің құрылысы жыл аяғына дейін бітеді» дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мəлік Аманов.
Атырау өңірлік коммуникациялар қызмет
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
09:49, 17 декабря
12:37, 20 декабря
live comments feed...