13:52, 31 октября 2017 г.
МҰНАЙ БАҒАСЫ КӨТЕРІЛДІ
Қара алтын қымбаттай түсті. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.Әлемдік нарықтағы мұнай құны 59 доллардан асты. Brent маркалы шикізат мұндай бағаға 1 жылдан бері көтерілмеген. Оның баррелі 59 доллар 39 центтен саудаланса, WTI-дың құны 52 доллар.
Сарапшылар бұған ОПЕК-тегі жаңалықтардың еш қатысы жоқ дейді. Brent-ке оң әсер еткен еуропалық орталық банктің еуроаймақтағы қаржы ұйымдарына пайызсыз несие беру уақытын тағы 2 жылға ұзартуы. Ал, қара алтынның қымбаттауы біздің экономикамыз үшін тиімді болуы тиіс.
Бірақ, мұнай құнының көтерілгенімен теңге, керісінше, әлсіреп кетті. Қор биржасындағы сауда-саттықтан кейін 1 доллар 334 теңгеге тең болды. 29 қазан күні де ақша айырбастау орындарында Ұлттық валютамыздың АҚШ ақшасына қатысты бағамы 334.40 болып тұр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:38
Вчера
Объявления
10:27, 3 февраля
12
13:56, 30 января
13:56, 30 января
15
15:43, 23 января
live comments feed...