11:23, Вчера
Дүкен сөрелеріндегі тауардың 30%-ы қазақстандық өнім болуы тиіс
Изображение Steve Buissinne с сайта Pixabay
Бұл туралы сауда қызметін реттеу туралы ережеде қарастырылған. Соған сәйкес Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және қалалық кәсіпкерлік бөлімі қаладағы сауда орындарына бірлесіп рейд жүргізді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Нәтижесінде бес сауда орнына мониторинг жасалып, барлығының басшылығына ауызша ескерту айтылды.
- Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі өнім бағасының тұрақтылығын, дүкендердегі тауар бағасысының жазылулы тұрғанын үнемі тексеріп отырамыз. Бүгін сауда орындарын аралап, сөрелердегі тауардың 30%-ы отандық өнімге тиесілі ме, жоқ па — соны тексердік. Егер қажетті мөлшерді құрамаса, басшылыққа ескерту беріледі. Тұрғындарға қазақстандық азық-түлікке төлеген ақшаның өздеріне қайтып оралатынын жеткізгіміз келеді. Сондықтан біз де отандық кәсіпкерлердің ісін қолдау үшін барынша жағдай жасаймыз, - деді Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Самат Емберген.
Атыраулықтар отандық өнімдердің сөрелерде мейілінше көп болғанын қалайды. Солардың бірі — Мәнсия Есқалиева. Ол осындай рейдтік іс-шаралар жиі ұйымдастырылса, кәсіпкерлердің ісі дөңгеленіп, тұрғындардың да қазақстандық тауарларға сұранысы артатынын айтады.
«Өзіміздің елде жасалған өнімдерді басқаларына қарағанда арзан әрі анағұрлым сапалы болғандықтан тұтынамын. Әрі бұл — жергілікті кәсіпкерлерге деген қолдаумыз» дейді қала тұрғыны.
Анықтама үшін: былтыр өңірде сауда қызметін реттеу туралы заңнаманың бұзылуына байланысты 62 жағдай тіркелген.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
15:43, 23 января
live comments feed...