17:27, 30 октября 2017 г.
Атырауда «ASAR» республикалық форумы басталды
Атырауда бүгін алғашқы «ASAR» бірінші республикалық үшжақты серіктестік форумы өз жұмысын бастады.
Форумның басты мақсаты - мемлекет, коммерциялық емес сектор және бизнес арасындағы ынтымақтастық үшін тиімді алаң құру болып табылады. Форумның ашылуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.
«Қазақстанда ҮЕҰ - Бизнес - Мемлекет формасындағы әлеуметтік серіктестік жұмыс істеп жатыр. Бүгінде мемлекет үшжақты ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті жағдайларды үнемі жетілдіріп отыр. Бірлескен іс-шаралар қызмет сапасын жақсартуға, жұмыс орындарын құруға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға септігін тигізетін жаңа идеялар мен технологияларға ықпал етеді», - деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы атап өткендей, бұл процеске Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы серпін берген. Форум «ҮЕҰ-бизнес-мемлекет: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» тақырыбындағы пленарлық отырысымен жалғасты.
Оған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев, Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, «Enactus Kazakhstan» директорлар кеңесінің төрағасы Р.Баталов, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Э.Жұмағазиев, сондай-ақ Kazenergy қауымдастығының өкілдері, 200-ге жуық ҮЕҰ және бизнес-қоғамдастық қатысты.
Екі күндік форум барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленген Әлеуметтік бастамалар картасының тұсаукесері, сондай-ақ «Спикер #7» зияткерлік конференциясы, панельдік пікірталастар, шеберлік сыныптары, интерактивті дәрістер мен семинарлар жоспарланған.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
13:56, 30 января
53
13:56, 30 января
live comments feed...