09:45, 20 октября 2017 г.
«Тілдарын» олимпиадасының үздіктері
Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін облыстық «Тілдарын» олимпиадасы болды. Жаһандану заманындағы қазақ, орыс, ағылшын тілін меңгерген жастардың арасындағы байқау Назарбаев зияткерлік мектебінде өтті . Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұйымдастырған сайыста үміткерлерге мемлекеттік тілде шебер әрі көркем сөйлеу жөнінде қатаң талап қойылды.
Мемлекеттік тілде шебер әрі көркем сөйлеу жөнінде қатаң талап қойған сайысқа 18 бен 22 жас аралығындағы жастар қатысты. Жазу сауаттылығы мен сөздердің дұрыс талдануына ерекше назар аударған комиссия мүшелері үміткерлердің шешендік қабілетін де сынға алды.
Жарыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенті Әйнел Қожахметова иеленді. Енді ол Республикалық жарысқа қатысатын болады. Ал, 1-орынға өңірдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Жауһардария Ерсайынова лайық деп танылды.
Олимпиадаға қатысып, белсенділік танытқандар қатысушыларды арнайы дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
15:43, 23 января
live comments feed...