• Главная
  • Атырау мен Арқалық онлайн семинар өткізді
16:21, 16 октября 2017 г.

Атырау мен Арқалық онлайн семинар өткізді

Атырау мен Арқалық онлайн семинар өткізді

Х. Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университеті Ы.Алтынсаринн атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты  «Қазіргі күндегі физиканы оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.  « Қазіргі заманда болашақ мамандарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей жас қрпаққа білім беру жолында ақпарттық ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңайландыру мен тиімділігін арттырудың мағызы зор.

1) Физиканы ағылшын тілінде оқытудың әдіс тәсілдері.

2) Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау

3) Работотехника туралы

4) Физика сабағында білім алушылардың білімін  энтропия әдісімен бағалау

5) Астрономиядағы оқытудағы жаңаша әдіс тәсілдер сияқты мәселерді талқылаған екі жақты семинарда  Физика және техникалық пәндер кафедрасының магистр оқытушысы  Г. Мырзагерейқызы «Схемотехника» пәні бойынша баяндама жасады. Сабақ барысында өзінің студенттерді Аялдама әдісі арқылы бағалайтынын түсіндірсе,Ы. Алтынсарин атындағы  Арқалық мемлекеттік институтында биылғы оқу жылында бағдарламаға енген « Работотехника» курсының студенттері өздері жасаған робот машиналарымен таныстырды. Физикалық білім беруде Kahoot бағдарламасын қолдануды өзі жақты ұстаздар қолданып көрді. Педаогика ғылымың докторы, профессор  Г. Имашев:

-Құрметті әріптестер, басталған іс ЖОО арасындағы онлайн конференция ұйымдастыру қуантарлық жағдай. Себебі, ақпараттық технологиялар бар кезде бір- біріміздің іс-тәжірибемізді біліп оны күнделікті жұмысымызда пайдалансақ артықшылық етпейді. Бүгінгі тыңдалған баяндамалардың барлығы да физиканы оқытудың негізгі мәселелері, жаңа тәсілдер сонымен қатар бағалау әдістері жайында айтылды.  Кембридж бағдарламасының артықшылығы да бар. Дегенменде ақпараттық технологиялар жағдайында көптеген нәрселерге көңіл бөлуге болады. Бірақ бұл жерде бұрынғы дәстүрлі әдісті де ұмытпау керек. Жаңа айтылған бағалау әдісі  бұрыннан да бар енді әрине технологиялық жетістіктерге байланысты жетілдіру қажет екені айдан анық. Ол жөнінде Елбасының алға қойып отырған тапсырмалары жеке пәнді оқытудағы, оның ішінде техникалық пәндерді оқытудағы негізгі өнідіріспен байланыстыру яғни ақпараттық технологиялар, үкіметтің айналысып жатырған сандық технологиялар мәселелері бұның барлығын білу үшін мектеп қабырғасынан немесе ЖОО студенттер болашақта жақсы түсіндіруіміз қажет деп есептейміз. Сондықтанда жаңа технололгиялардың  түрлері де, әдістері де көп, соған байланысты өздеріңіз айтқан Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі іс-тәжірибені басшылыққа алуға болады. Көптеген әріптесетеріміздің Қазақстанның деңгейіндегі осы іс-тәжірибелері насихатталып және қолданылып та жүр. Бірақ физиканың да өз ерекшеліктері де бар. Ол ерекшеліктер өздеріңізге белгілі физика техникалық ғылым бола отырып тұлғаны дамыту және рухани жағынан байыту немесе шығармашылық деңгейге жеткізу үшін  жаңа әдістерді пайдалануымыз қажет. Физикадағы өздеріңізге белгілі білім, іскерлік, дағды мәселері, себебі ешқандай экспериментсіз, ешқандай тәжірибесіз физикадан нақты білім бере алмайсыз. Олай болса физикалық зертханаларды материалды базасына жақсы көңіл бөліп, назар аудару керек. Менің жеке пікірім бойынша, көбіне көп жүзден аса жаңа технологиялар бар осының әрқайсысын саралайтын болсаңыз соның ішінде қайсысы пайдалы десеңіз дөп басып айта алмаймыз. Бірақ дегенмен физикаға тән проблемалық әдіс деп есептеймін. Проблемалық әдістер теорияда да, тәжірибеде де, экспериментте де және қодануда да бар. Біз алған білімімізді  күнделікті өмірде қолдануымыз керек. Бүгінгі бастап жатырған бастама ЖОО арасындағы өте қуанышты жағдай. Сондықтан іс-тәжірибемізді үйреніп, көптеген мәселелерді ортақ талқыласақ  болашақта жас мамандарды дайындауда алға қойған мақсатымызға жетеміз деген ойдамыз. 

Суретті түсірген: Данияров Құдияр

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Объявления
live comments feed...