• Главная
  • Индер ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде
10:10, Сегодня

Индер ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде

Фото РСК Атырау

Фото РСК Атырау

Индер ауданында 34,5 шақырымды құрайтын 9 бөгетті қосымша бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Индер аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы  Шапағат Габбасов мәлім етті,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Бүгінде Индербор кенті мен Елтай ауылдық округіндегі бөгеттерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар  Бөдене және Ынтымақ ауылында да осындай жұмыстар  жүргізіліп жатыр. Оған 18 техника мен 25 жұмысшы жұмылдырды. Ал қалған Жарсуат, Өрлік, Есбол, Көктоғай, Құрылыс ауылдарында келісімшартқа отыру шаралары жасалуда,- деді Ш. Габбасов.

Айта кетейік, республикалық маңызы бар  тасжолы мен Индербор кентін байланыстыратын 7 шақырым жолды жөндеу жұмысының 90%-ы аяқталды. Онда төрт мал өткелі салынып,  қосымша бір суағар құбырлары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары биыл сәуір айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #паводки #дамба
Объявления
live comments feed...