
10:01, 25 января
2024 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік соттарға 1200-ге жуық арыз-шағым түскен

Фото РСК Атырау
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 100 арызға артық. Бұл туралы Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл Салихова брифинг барысында мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Келіп түскен арыздардың жартысынан көбі жеке тұлғалардың тарапынан берілген шағымдар. Олардың дені сот орындаушылардың жұмысына қатысты. Сонымен қатар жерге, мүліктік дауларға қатысты арыздар да жетерлік. Жалпы әкімшілік соттарда мүліктік даулар сирек қаралады. Алайда өткен жылы өңірде болған су тасқынына байланысты бұл санаттағы істер айтарлықтай көбейді. Нақты айтқанда 2024 жылы 148 арыз келіп түскен, оның 79-ы бойынша іс қаралып, шешім шығарылған. 93,7 пайызы (73) қанағаттандырылды, 7 іс бойынша тараптар бітімгершілікке келді, 11 талап қоюшы арыздарын өз еркімен қайтарып алды. Ал қалған 21 іс соттардың құзырында, - деді А.Салихова.
Бұдан бөлек істерді қарау барысында заңбұзушылықтар анықталған кезде сот жеке ұйғарымды қабылдайды. Ол дегеніміз соттың қаралып жатқан істі талқылау барысында анықталған құқықбұзушылықтарды, заң талаптарының бұзылуын немесе басқа да елеулі мәселелерді жою мақсатында уәкілетті органдарға, лауазымды тұлғаларға немесе ұйымдарға жолдайтын арнайы шешім.
- Былтыр әкімшілік органдардың үстінен 40 жеке ұйғарым шығарылған. Олар статистикалық мәлеметтер бойынша көбіне жер қатынастары бөлімдеріне (24), сот орындаушыларға (6), салық органдарына (6) шығарылды, - деді А.Салихова.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
18:18, 2 марта
13:45, 27 февраля
15
13:45, 27 февраля
13:45, 27 февраля
53
live comments feed...