• Главная
  • Былтыр мопед, скутер тізгіндегендер жол ережесін 1569 мәрте бұзған
17:25, Сегодня

Былтыр мопед, скутер тізгіндегендер жол ережесін 1569 мәрте бұзған

Изображение Kurt Bouda с сайта Pixabay

Изображение Kurt Bouda с сайта Pixabay

2024 жылы электромобиль тізгіндегендердің себебінен 66 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 78 адам дене жарақатын алып, алты адам қайтыс болды. Бұл туралы Атырау облысы ПД басқарма бастығының орынбасары Әділбек Шахметов мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Полиция майоры Әділбек Шахметовтың айтуынша, жүргізушілердің басым бөлігі жылдамдық асыру, басып озу және бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамау, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын орындамау бойынша жауапқа тартылады.

- Өткен жылғы статистикаға сәйкес ережені бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылып,  429 мопед айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар жол-көлік апаттарын азайту мақсатында 5 наурыз бен 31 тамыз аралығында «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Әдетте мұндай көлік түрлерін жасөспірімдер тізгіндейді. Бұл жүргізушілер жолда жүрудің қарапайым ережелерін сақтамайды. Соның кесірінен апатты жағдайлар туындап жатады. Мұның салдары денсаулық пен өмірге үлкен қауіп төндіретінін естен шығармаңыздар, - деді Ә.Шахметов.

Айта кетейік, жыл басынан бері электрлік көліктердің қатысуымен оқыс оқиға тіркелмеген.

Анықтама үшін: 2023 жылы 29 маусымда Жол қозғалысы туралы заңнамаға өзгерістер енді. Соған сәйкес скутер, мопед, самокат жүргізушілері тарапынан жол жүру ережелері бұзылған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 127, 440, 620, 593 баптарына сай Әкімшілік хаттама толтырылады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #мопед #нарушения
Объявления
live comments feed...