• Главная
  • Өткен жылы өңірде есірткі қылмысына қатысты 173 құқықбұзушылық анықталды
10:21, Сегодня

Өткен жылы өңірде есірткі қылмысына қатысты 173 құқықбұзушылық анықталды

Скриншот из видео

Скриншот из видео

Полиция департаменті қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде 2024 жылдың 12 айында облыс аумағында есірткіге қатысты 173 құқықбұзушылық анықталды. Атап айтсақ, 107 қылмыс және 66 заңбұзушылық тіркелді. Заңсыз айналымнан 250 кг-нан астам әртүрлі есірткі өнімі тәркіленген,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Анықталған құқықбұзушылықтардың нәтижесінде 46 есірткі тасымалдаушы анықталды. Оның екеуі жасөспірім, жетеуі әйел адам. Азаматтардың жартысы өзге өңірден келген.

- Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының арқасында заңсыз фито зертхананы ұйымдастырудың айналасындағы екі жағдай анықталып, 72 түп сора өсімдігі тәркіленді. Әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесімен 71 дерек тіркелді. Оның ішінде есірткіге масайып көлік жүргізген 51 тұлға сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылды,-  деді Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Роман Ермұханов. 

Сонымен қатар есірткі сайттарын жарнамалайтын жүзден аса граффити жазба анықталған. Ғаламтор жүйесі мониторингі арқылы есірткі жарнамалайтын  246  сайт анықталып, ІІМ-не бұғаттауға жолданды.

Айта кетейік, ҚР Президенті 2024 жылғы 27 желтоқсанда «Есірткі, психотроптық дүниелер, прекурсорлар және күшті әсер ететін өнім мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Жаңа нормалар 2025 жылдың 3 наурызынан бастап күшіне енеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #наркотические вещества
Объявления
live comments feed...