• Главная
  • Атырау облысы тұрғындарының 82,2 пайызы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелген
18:21, Вчера

Атырау облысы тұрғындарының 82,2 пайызы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелген

Изображение kian2018 с сайта Pixabay

Изображение kian2018 с сайта Pixabay

2025 жылғы 1 қаңтарына сәйкес статистика бойынша облыс тұрғындарының саны 710 273 адамға жетті, оның 583 940-ы сақтандырылған азаматтардың тізімінде, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2024 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, өңір халқының саны былтыр 703 180-ді құраған. Ал МӘМС жүйесінде оның 82,8% сақтандырылған. Дегенмен өткен жылмен салыстырғандағы адам саны 7 мыңға артса да, сақтандырылған азаматтардың пайызы 0,6-ға азайды. Бұл көрсеткіш өңірлік штабтың таяуда өткен отырысында талқыланды, онда қазіргі сәттегі мәселелердің негізгі себептері айтылып, оларды шешу үшін бірқатар шара ұсынылды.

- Негізгі проблемалардың бірі — ұзақ демалысқа шығатын қызметкерлер үшін жарнаның төленбеуі. Ережеге сәйкес, сақтандырылған қызметкер мәртебесін сақтау үшін МӘМС төлемдерін тіпті ұзақ демалыс кезеңінде де (30 күннен астам) жалғастыру қажет. Алайда жұмыс берушілер осы қызметкерлер үшін қажетті аударымдарды жүргізбейді. Бұл мәселені шешу үшін облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен штаб отырысында нақты тапсырмалар беріліп, білім беру және медициналық мекемелерде түсіндіру жұмыстары басталды, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының бөлім басшысы Алмаз Кәрімжанов.

Тағы бір маңызды жайт — жарналардың ТМК (төлем мақсаттарының коды) бойынша төленбеуі. 121 кодына сәйкес қызметкер жалақысының 25 500 теңгеден аспайтын 3%-ын, ал 122 коды бойынша 17 мың теңгеден аспайтын 2% қана аударылуы тиіс.

- Кейбір жағдайларда жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін жарналарды аудармайды, бұл сақтандырылмаған азаматтардың артуына алып келеді. Әсіресе, жарналарды уақытылы төлемейтін немесе мүлдем елемейтін жеке кәсіпкерлер мен ұйымдарға қатысты, - деді Алмаз Кәрімжанов.

Бұл мәселелер мемлекеттік органдар мен ұйым басшыларының қатысуымен өтетін штаб отырыстарында талқыланады. Жұмыс берушілер арасында, сондай-ақ жекеменшік мекемелерде еңбек ететін қызметкерлермен белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа МӘМС филиалы жарна төлемдерін бақылауды жақсарту мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментімен белсенді байланыс орнатылған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #ОСМС #медицина
Объявления
live comments feed...