18:02
Вчера
Бұл жоба виртуалды шынайылық арқылы мұнай-газ кен орындарын зерттеп, тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді. Инновациялық бастама білім беру сапасын арттырып, саладағы жаңа технологияларды қолданудың мүмкіндіктерін паш етпек.
- Атырау мұнай және газ университеті әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 35 мыңнан астам оқушы мен маманның басын қосатын ең үлкен көрмеге қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жиында білім беру сапасын жақсартуға көмектесетін жаңа технологиялар мен инновациялық жобалар таныстырылады. Онда еліміздің алты жоғары оқу орны қатысады, - деді Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова.