16:18, Вчера
Мақат ауданында 14 отбасы баспаналы болды
Фото РСК Атырау
Аудан халқының өмір сүру сапасын арттырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында басындағы жалғыз үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған 14 отбасыға қос пәтерлі 7 жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тұрғындарға жаңа баспаналарының кілтін аудан әкімі Азамат Мәмбетов табыстап, жылы лебізін білдірді.
- Баршаңызды бүгінгі жаңа қоныстарынызбен құттықтаймын! Ауданымыздағы тұрғын үйлердің қатары жыл сайын көбейіп келеді. Осындай игі бастамалар әлі де жалғасын тауып, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмыстары қарқынды түрде жалғасатынын атап өткім келеді,- деді аудан әкімі.
Айта кетейік, 2024 жылы ауданда 3 қатарлы 60 пәтер және қос пәтерлі 26 тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 731 адам үй кезегінде тұр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:18
Вчера
Объявления
10:29, 6 января
12
live comments feed...