18:02
Вчера
Изображение Jonas Greuter с сайта Pixabay
Нақтырақ айтқанда, жоғары сыныптың 57 оқушысы Атырау көлік және коммуникация, Атырау сервис, Атырау энергетика және құрылыс колледжерінде аспаз, автокөлікке қызмет көрсету, дәнекерлеу ісі, электр газбен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша білім алуда. Яғни, 57 оқушы мектеп бағдарламасымен қатар түрлі мамандықтың қыр-сырын меңгеріп жатыр.
Ал колледж студенттері кәсіби біліктілігін дуалды оқыту жүйесі арқылы шыңдауда. Мұндай жүйе аймақтағы 16 колледжде бар. Аталған оқу орындарында 25 мамандық бойынша тәлім алатын 2 мыңнан аса студент 483 кәсіпорында жұмыс істейді. Бұл жүйе студенттердің жұмыс берушіге өз-өзін көрсетіп, еңбек нарығына машықтануға, сондай-ақ, қызметке орналасуына көмектеспек.