18:25, Вчера
Атырау облысында суда құтқару станциясы ашылды
Фото РСК Атырау
Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің және Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің қатысуымен жедел-құтқару жасағының суда құтқару станциясы ашылды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суда құтқару станциясының жаңа ғимараты Жайық өзенінің бойында орналасқан.
Жиында сөз сөйлеген Серік Шәпкенов жедел-құтқару жасағы қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайын жасау мақсатындағы жасалатын жұмыстар жалғасын табарын айтты.
- Құтқарушылық қызметтің маңызы қаншалықты екені баршаңызға мәлім. Былтыр су тасқыны қаупі туғанда Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары алғы шепте қызмет еткенін атап өтіп, тағы бір мәрте ризашылығымды білдіремін. Құтқару бөлімшесінің игілігіне беріліп жатқан жаңа ғимарат жұмысқа оң септігін тигізеді деп сенемін. Біз құтқарушылардың материалдық-техникалық жарақталуына да аса мән беріп отырмыз. Былтыр осы мақсатта жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, техникалар мен құрал-жабдықтар сатып алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады,-деп атап өтті С.Шәпкенов.
Шарада Шыңғыс Әрінов жаңа су көліктері мен су құтқару жабдықтарын, техникаларды және станцияның кілтін жасақ басшысы Ә. Жұмалиевке салтанатты түрде табыстады.
Құтқару станциясы заманауи форматтағы бөлімшелер нұсқауына сәйкес, бірыңғай талаптарға сай салынған. Станция құрамында әкімшілік ғимарат, техника мен су көліктерінің боксы бар.
Бұдан бөлек 2 қабатты 11 пәтерлі жатақхана пайдалануға берілді. Оған Департаменттің 11 қызметкері отбасымен бірге орналасады. Жалпы жатақхана аумағы – 481,9 текше метр. Бұл құтқарушылардың жұмысқа ынтасын арттырып, жедел әрекет етіп, құтқару операцияларын қауіпсіз орындауға және жоғары нәтижелерді көрсетуге мүмкіндік береді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:25
Вчера
15:40
Вчера
Объявления
13:47, 31 декабря 2024 г.
22
13:47, 31 декабря 2024 г.
15
live comments feed...