08:40, Вчера
Атырауда «Қалам қуаты» атты әдеби жобаны қорытындылау кеші өтті
Скриншот из видео
Байқауға өтінім берген 30 адамның 11-і бүгін марапатталды. Олар соңғы үш жылдың ішіндегі жоғары деңгейдегі шығармашылық еңбектеріне қарай, сондай-ақ, әдеби байқаулардың жеңімпазы, облыстық, республикалық және шетел баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларының салмағына байланысты іріктелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Ж.Нәжімеденов атындағы сыйлық Қадір Жүсіпке, М.Отаралиев атындағы сыйлық Төлеген Жаңабайға, З. Қабдолов атындағы сыйлық Бекет Қарашинге, Х. Ерғалиев атындағы сыйлық Таңатар Дәрелұлына, С. Санбаев атындағы сыйлық Болат Дәулетовке табысталды.
Сонымен қатар Ә. Сәрсенбаев атындағы сыйлық Гүлзада Ниетқалиеваға, М. Сатыбалдиев атындағы сыйлық Маржан Ершуге, Ф. Оңғарсынова атындағы сыйлық Бақытгүл Бабашқа, Е. Домбаев атындағы сыйлық Бақытгүл Сәрмековаға бұйырды.
Ал ақын Арман Жайықбаев пен Асланбек Шығыров Арнаулы «Үміт» сыйлығымен марапатталды.
- Бұл іс-шара Атырау облысы әкімдігі, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен ҚР Жазушылар Одағының Атырау облыстық филиалы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтті. Мақсат — жергілікті қаламгерлерге жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсету, - деді Облыстық халық шығармашылық орталығының басшысы Жәнібек Аманиязов.
Айта кетейік, «Қалам қуаты» арнайы сыйлығы өңірде алғаш рет ұйымдастырылды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
10:29, 6 января
12
13:47, 31 декабря 2024 г.
15
13:47, 31 декабря 2024 г.
22
13:47, 31 декабря 2024 г.
13:47, 31 декабря 2024 г.
53
live comments feed...