• Главная
  • Атыраулық 91 отбасы 2025 жылды жаңа үйде қарсы алады
10:38, 31 декабря 2024 г.

Атыраулық 91 отбасы 2025 жылды жаңа үйде қарсы алады

Фото РСК Атырау

Фото РСК Атырау

Атырауда әлеуметтік осал топ санатына жанатын 91 отбасыға пәтер кілті табысталды, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты іс-шарада Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін қала тұрғындарын қоныс тоймен құттықтап, баспана кілтін табыс етті.

– Жаңа жыл – әр отбасы үшін үміт пен қуанышқа толы ерекше мереке. Бүгін сіздер үшін қуанышты күн, себебі мереке қарсаңында баспаналы болып жатырсыздар. Баршаңыздың қонысыңыз құтты болсын!  Отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін, - деді қала әкімі Ш.Кейкин. 

Баспаналы болғандардың арасында көпбалалы, ерекше бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар мен жетімдер бар. «Аягөз» және «Латифа» тұрғын үй кешенінен берілген жаңа пәтерлер 2-3 бөлмелі және барлық заманауи талапқа сай салынған.

-Жаңа жыл қарсаңында облыс және қала әкімдігінің қолдауымен баспаналы болып жатырмыз. Күйеуім 1-топ мүгедегі.Бұл біздің көптен күткен қуанышымыз. Себебі, тұрғын үй кезегінде тұрғанымызға 10-жылдан асты. Үйіміз құт-берекеге толы болсын. Барша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматқа осындай қуаныш бұйырсын деп тілеймін, - деді жаңа пәтер иесі Эльмира Садықова. 

Айта кетейік,  биыл жергілікті атқарушы орган тарапынан облыс орталығында тұрғын үй кезегінде тұрған 550-ге жуық азаматқа пәтер кілті табыс етілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #жильё
Объявления
live comments feed...