• Главная
  • Биыл 42 мың шаршы метр жол қайта қалпына келтірілді
19:33, Вчера

Биыл 42 мың шаршы метр жол қайта қалпына келтірілді

Изображение WOKANDAPIX с сайта Pixabay

Изображение WOKANDAPIX с сайта Pixabay

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау филиалының инженерлері жыл басынан бері облыс аумағында салынып жатқан жолдарды 760 рет тексеріп, 311 ақау анықтады. Бұл туралы филиалдың зертхана меңгерушісі Дәурен Кенжешев баспасөз брифингінде мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Республикалық маңызға ие жолдардан 185, ал жергілікті жолдардан 126 ақау табылды. Мысалы, облыс орталығындағы Жастар,Б.Құлманов көшесіндегі жол қабатының қалыңдығы талапқа сәйкес келмеген. Жалпы біздің тексерісімізден кейін мердігер мекемелер өз қаражаттарына 42 мың шаршы метрден астам жолды қайта қалпына келтіріп жатыр. Кейбір ақаулар жойылды. Мәселен, жергілікті, яғни қала ішілік жолдардан анықталған ақау бойынша 1052 шаршы метр жол қайта салынды, - деді Д.Кенжешев.

Филиалдың зертханасында жол құрылысына пайдаланылатын материалдардан алынған сынамалар сараптамадан өтеді. Биыл  5024 тонна сапасыз құрылыс материалдары өндірістен алынған.  Республикалық жолдардан алынған 907 сынаманың 102-сі, ал жергілікті жолдардан алынған 1587 сынаманың 642-сі ҚР Стандарттарына сәйкес келмеген.

Зертхана меңгерушісінің айтуынша, қазір қала ішіндегі жолдарға қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон қабаты төселуде. 

- Бұл бұрынғы қолданыстағы асфальтбетонға қарағанда әлдеқайда сапалы. Сонымен қатар болашақта жол сапасын одан әрі арттыру мақсатында жаңа технология енгізілмек. Алдағы уақытта Атырау жолдарына полимер асфальтбетон пайдалану жоспарда бар. Полимер бетонның артықшылығы – жолдардың сапасы арта түседі, яғни пайдалану мерзімі ұзарады. Жолдың беткі қабатына біраз уақытқа дейін жарықтар, ойықтар түспейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #дороги #авто #ремонт
Объявления
live comments feed...