10:41, 20 декабря
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Мақат ауданының тұрғындарымен кездесті
Фото РСК Атырау
Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкенов Мақат ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен алдағы даму бағыты талқыланды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Серік Шәпкенов Мақатта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Ауданда апатты үйді сүру мәселесі өзекті. Мұны шешу үшін биыл салынған екі пәтерлік 28 үй (56 пәтер) сатып алынды. Оның 14-не (28 пәтер) тұрғындар желтоқсанда көшірілді, келер жылы ақпанда тағы 20 отбасы қоныс той тойламақ.
Сондай-ақ аймақ басшысы білім беру саласында қолға алынған істерге тоқталды.
- Облыста орталығында заманауи екі Binom мектебі ашылып, тағы екеуінің құрылысы басталды. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Енді Құлсары және Мақат аудандарында осындай заманауи білім ордаларын салуды жоспарлап отырмыз. Балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдайды жасау керек. Бұл мектептер заманауи технологиялармен жабдықталған, қажетті мүмкіндіктің бәрі бар. Бұдан бөлек, «NCOC» компаниясының демеушілігімен Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебіне жапсарлас 250 орындық ғимарат құрылысын бастауға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысты келер жылы бастау күтіліп отыр,-деді С.Шәпкенов.
Мақаттықтардың жиі көтеретін мәселесі - автобус аялдамаларын салу. Келер жылы 54 автобус аялдамасын салу жоспарланды.
Ал Доссор кентіндегі вокзал перронын күрделі жөндеуден өткізу үшін жасалған жобалық-сметалық құжаттамаға өзгеріс енуінен, құрылыс жұмыстары келесі жылға шегерілді. Серік Шәпкенов аудан әкіміне бұл мәселені қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.
Кейін мақаттықтар жұмыспен қамту, баспана беру, таза ауыз сумен қамту сынды өзге де мәселелерді көтерді.
Аймақ басшысы жиында көтерілген сауалдар заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Кейін жұртшылықты жеке мәселесі бойынша қабылдап, сала мамандарымен бірге сұрақтарға жауап берді.
Облыс әкімінің Мақат ауданы тұрғындарымен кездесуі аудан әкімдігінің facebook, instagram желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.
Кездесуден кейін Серік Шәпкенов әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.
Алдымен Мақат кентінде салынып жатқан үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйге барды. Қазір құрылыс 60%-ға аяқталған. Серік Шәпкенов жауапты басшыларға ЖСҚ-ға түзетулер енгізуді, инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
Кейін кенттегі күрделі жөндеуді қажет ететін аудандық қорғаныс бөлімінің ғимаратымен танысты. 1974 жылы салынған нысан әлі күнге дейін жөндеу көрмеген, жауын-шашын кезінде ескірген шатырдан су ағады. Жылыту қазандығы да ескірген. Серік Шәпкенов ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге немесе типтік үлгідегі жаңа ғимарат салуды айтты.
Бұдан соң бос тұрған әкімшілік ғимаратына барды. Ғимарат ескі, күрделі жөндеуді қажет етеді. Жергілікті әкімдік әлеуметтік қызмет көрсету орталығына айналдыруға ниетті. Бүгінде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аймақ басшысы конкурстық рәсімдерді жеделдетуді жүктеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:02, 16 декабря
12
12:37, 20 декабря
12:37, 20 декабря
09:49, 17 декабря
53
live comments feed...