18:02
Вчера
Фото РСК Атырау
Үйлі болған отбасылардың арасында әлеуметтік осал топқа жататындар, көпбалалылар мен осыған дейін апатты үйде тұрып келгендер бар. Салтанатты іс - шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетов қатысып, пәтер кілтін табыстады.
- Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету халықтың әл-ауқатын жақсартуға көмектесетін негізгі бағыт болып табылады. Тұрғындардың тұрмыс тіршілігін жақсарту мақсатында келер жылы да ауданымызда тұрғын үйлер салынады. Жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймын,- деді аудан әкімі А.Мәмбетов.
Анықтама үшін: Жыл басынан бері Мақат ауданында 54 отбасыға пәтер кілті табысталды. Қазіргі уақытта үй кезегінде тұрған адам саны – 746.