• Главная
  • 16-желтоқсаннан бастап «Атырау – Құрманғазы - Атырау» бағытында жолаушылар автобусы қатынайды
15:22, 14 декабря 2024 г.

16-желтоқсаннан бастап «Атырау – Құрманғазы - Атырау» бағытында жолаушылар автобусы қатынайды

Скриншот из видео

Скриншот из видео

Атырау облыстық әкімдігінің тапсырмасына сәйкес Құрманғазы ауданы мен облыс орталығының арасында күн сайын 53 орындық 3 автобус жүреді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Билет құны – 2000 теңге. Балаларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. 

«Атырау қаласының автобекетінен автобус 07:00, 12:00, 19:00-де, ал Құрманғазы ауданы Қазақтелеком мекемесінің алдынан  06:00, 11:00, 17:00 –де қозғалады. Жолаушылар тасымалына  Akzhayik Avtopark ЖШС жауапты,- деді Атырау облыстық жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейсов.

Айта кетейік, қоғамдық көліктер Атырау қаласынан 16-желтоқсаннан, ал Құрманғазы ауданынан 17-желтоқсаннан бастап жолаушыларды тасымалдайды. Жолаушылар билетті автобекеттің кассасынан және Atyraubus.kz  сайтынан  сатып ала алады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #автобусы #транспорт
Объявления
live comments feed...