11:44, 13 декабря
«Ерліктің ерен үлгісі» атты облыстық патриоттық ән байқауы өтті
Фото РСК Атырау
Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен облыстық байқауда 14 қатысушы бақ сынады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Олар облыстық полиция, ТЖД, облыстық қорғаныс істер жөніндегі, ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша, ҚР ҰҚК шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері.
Байқау нәтижесінде бірінші орынды Индер ауданынан келген Азімбек Амирханов иеленді. Екінші орынға Құрманғазы ауданынан қатысқан Бекет Сәуіров пен махамбеттік Асылхан Нәсімов лайық деп танылса, үшінші орынды Атырау қаласынан Рима Қарағойшиева, Жадыра Шамұратова, Әділет Қаматай қанжығылады.
⁃ Мектеп кезінде және студенттік шақта ән шырқап, түрлі жарысқа қатыстым. Қазіргі уақытта шекара қызметіне қарасты Құрманғазы ауданы «Котаевка» кіші катерлер тобында жұмыс істеймін. Осындай өнер жарысы алдағы уақытта ұйымдастырылса қатысуға дайынмын. Бүгінгі өнерім арқылы Отанға деген сүйіспеншілігім мен патриоттық сезімдерімді жеткізуге тырыстым, - деді байқаудың екінші орын иегері Бекет Сәуіров.
Байқаудың мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін ұлықтау, ұлттық сана мен рухты көтеру. Қатысушылар жарыстың бірінші кезеңінде патриоттық, екінші кезеңінде еркін тақырыпта ән шырқады.
Айта кетейік, өнер жарысын облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы ұйымдастырды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:37, 20 декабря
09:49, 17 декабря
15
12:37, 20 декабря
live comments feed...