• Главная
  • Алғаш рет облыстық ауруханада өт жолын кеңейту отасы жасалды
18:04, 12 декабря

Алғаш рет облыстық ауруханада өт жолын кеңейту отасы жасалды

Изображение Ahmad Ardity с сайта Pixabay

Изображение Ahmad Ardity с сайта Pixabay

Атырауда «Декомпенсация сатысындағы жалпы өт жолының төменгі үштен бір бөлігінің стенозы» диагнозы бойынша 51 жастағы науқасқа операция жасалды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Операцияны облыстық аурухананың хирург дәрігері Аманқос Қуанышов, эндоскопист Арман Алиев пен УДЗ дәрігері Жанар Қайдар жасады. 

- Науқасқа  шұғыл түрде “Терi- бауыр арқылы бауырдан тыс өт жолдарын нитилонды стентпен эндоскопиялық сүйемелдеумен эндобиллиарлы стенттеу”  бойынша медициналық көмек көрсетті. Яғни, толыққанды өт ас қорыту жүйесіне түспегендіктен науқастың өт жолын кеңейтіп стенд салдық. Мұндай операция еліміздің батысы бойынша Атырауда Батыс  алғаш рет жасалып отыр. Барлығы сәтті аяқталды. Науқас бақылауда, жағдайы бірқалыпты, - деді дәрігер Аманқос Қуанышов.

Айта кетейік, осыған дейін мұндай күрделі операциялар жолдамамен Алматы қаласындағы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында жасалған еді. Жыл басынан бері облыстық аурухананың хирургия бөлімшесінде шұғыл және жоспарлы түрде 6181 операция болған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #операция #здоровье
Объявления
live comments feed...