18:02
19 апреля
Изображение kalhh с сайта Pixabay
- Биыл аудан бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Сүйіндік, Жанаталап, Сафон, Мақаш, Көптоғай, Бөкей хан ауылы толықтай жарықтандырылды. Сонымен қатар халық саны көп Ақкөл ауылында 54 шақырым электр желісі мен көше жарығы тартылды. Және жаңа «Ақкөл» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Бүгінде ауылішілік 605 электр бағанасы орнатылды, 23 шақырым кабель және әуе желісі жүргізілді. Қосалқы станциясының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр ,- деді аудан әкімінің баспасөз хатшысы Гүльхат Хамза.