17:38, 9 декабря 2024 г.
Атырауда 200-ден астам санавиациялық қызмет көрсетілді
Изображение tomwieden с сайта Pixabay
Жыл басынан бері санитариялық авиация қызметі 204 пациентке шұғыл медициналық көмек көрсетіп, оның ішінде 68 адамды тікұшақпен тасымалдады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Авиация арқылы медициналық көмекті көп алғандардың көшін Құрманғазы ауданының тұрғындары бастайды.
Көмекке жүгінудің ең көп тараған себептері – жүрек, қан-тамыр аурулары.
Сондай-ақ, жарақат және жазатайым оқиғалардан зардап шеккен, уланған 40 азаматқа көмек көрсетілді.Одан бөлек, медициналық авиация дәрігерлері жағдайы ауыр 8 әйел мен ауыр патологиясы бар жаңа туған 36 нәрестеге көмек көрсеткен.
Айта кетейік, медициналық авиация бригадалары шалғайдағы елді мекендерден келген науқастарға қажетті кеңестерді қоса алғанда, пациенттерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді. Авиамедициналық бригаданың негізгі құрамында 2 невропатолог, реаниматолог пен нейрохирург бар. Қажеттілікке орай басқа да дәрігерлер қатарға қосылады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:38
Вчера
Объявления
10:27, 3 февраля
12
13:56, 30 января
13:56, 30 января
15
15:43, 23 января
live comments feed...