18:02
19 апреля
Скриншот из видео
Компанияның әкімшілік-шаруашылық бөлімінің менеджері Айгүл Ирмуханованың айтуынша, өңірдегі әр мекеме әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, экологиялық жақсаруға үлес қоса алады.
- Кеңседе қағаз, пластик және батареяларды салатын бөлек жәшіктер қойылған. Сондай-ақ, энергия тұтынуды азайту мақсатында жарықдиодты шамдар орнатылды, ал кейбір бөлмелерде қозғалыс сенсорлары бар. Қызметкерлеріміз бір реттік пластик өнімдеріне қарағанда, бірнеше мәрте пайдаланатын ыдыстар: термос және экологиялық сөмкелер қолданғанды жөн көреді. Жыл сайын тазалық, көшет егу акцияларына атсалысамыз. Әр азамат экологиялық іс-шараға немқұрайлы қарамай, қолдан келгенше үлес қосуы қажет деп есептейміз, - деді А.Ирмуханова