10:10, 7 декабря 2024 г.
Атырауда жыл волонтерлары марапатталды
Фото РСК Атырау
«Волонтер премиясы» іс-шарасында 15 номинация бойынша үздіктер анықталды , - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен «Атырау бизнес және құқық» колледжінің ұжымы және ҚР Мәжіліс депутатының Алғыс хатымен қала тұрғыны Рустам Жастілекұлы марапатталды.
«Үздік жыл волонтері» Дария Ерболатқызы атанса, «Үздік волонтерлік ұйым» номинациясын «Жаңа жастар» ұйымы иеленді.
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хаты «Үздік ауылдық волонтерлік топ» номинациясы Индер ауданы, Қ.Абаханов орта мектебінің «Мейірім» ұйымына табысталды.
Бұдан бөлек, өңірдегі еріктілер «Birgemiz: Bilim»,«Birgemiz: Saulyq»,«Birgemiz: Sabaqtastyq»,«Birgemiz:Asyl mura», «Birgemiz: Ayala», «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Umit», «Birgemiz: Qamqor», «Үздік медиа волонтер», «Үздік event волонтер»,«Үздік корпоративтік көшбасшы» және «Үздік тәлімгер» номинациясы бойынша түрлі марапатқа ие болды.
- Үздіктерді арнайы комиссия құрып анықтадық. Олар өздерінің жасаған жұмыстарын фото, видеолар арқылы ұсынды. Аталған іс-шара халықаралық волонтерлар күніне орай ұйымдастырылды. Еріктілер - елдің басына күн туғанда, ыстық пен суыққа қарамай өз көмектерін бірінші болып көрсететін адамдар. Сондықтан олардың еңбегі елеуге тұрарлық, - деді облыстық ішкі саясат басқармасы жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы Айдар Жален.
Айта кетейік, аймақта 57 еріктілер ұйымы ресми тіркелген. Оларда 2000-нан аса волонтер белсенді жұмыс атқаруда.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:38
Вчера
Объявления
10:27, 3 февраля
12
13:56, 30 января
13:56, 30 января
15
15:43, 23 января
live comments feed...