• Главная
  • Атырауда «Түркістан – түркі әлемінің рухани орталығы» атты роуд-шоу өтті
18:18, 5 декабря

Атырауда «Түркістан – түркі әлемінің рухани орталығы» атты роуд-шоу өтті

Фото РСК Атырау

Фото РСК Атырау

Жиында  Түркістан облысындағы туризм саласының өкілдері жергілікті туроператорлар мен өңірдегі туризм саласының мамандарымен  іскерлік кездесу өткізді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шарада Түркістанның туристік әлеуеті айтылып, осы сала бойынша түрлі тақырып баяндалды.

- Бұл жиынның мақсаты - тәжірибе алмасу, екіжақты байланыс орнату, туристерді өңірге тартудың қыр-сырымен бөлісу. Бұндай жұмыстар бізде жүйелі түрде жүреді. Нәтижесінде өңірімізге инвесторлар тартып, жаңа туристік нысандар ашылуда,-деді Түркістан облысы туризм басқармасының бөлім басшысы Ботагөз  Мауленова.

Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризмді дамыту басқармасының бас маманы Жаннат Сабырғалиеваның айтуынша, биыл облысқа қаңтар-қыркүйек  аралығында 112,3 мың турист келген. 

- Оның 95 мыңға жуығы - ішкі, 18 мыңы - сыртқы турист. Яғни, шетелден Атырауға келген азамат саны 10 айда 18 мыңды құрады. Аймақта туризмнің мәдени-танымдық, балалар-жасөспірімдер, медициналық, іскерлік, экологиялық  сияқты бірнеше бағытын дамытуға мүмкіндік бар. Мысалы,   «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына биыл 14 мыңнан аса турист келген, - деді Ж.Сабырғалиева. 

Оның айтуынша, келер жылы өңірде туризмді дамыту мақсатында туристік аймақтарға ақпараттық турлар, лотос өсетін аумақта фестиваль өткізу  жоспарлануда. 

Жиын соңында «Visit Atyrau» туристік орталығы мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Атырау #туризм
Объявления
live comments feed...