
16:19, 3 декабря 2024 г.
Робот жасаушылар бұл жобаны іске асыру үшін екі ай жұмыстанған.

Скриншот из видео
JOO High school-дың 10-сынып оқушысы Нұрсұлтан Қалымжан, Д.Қонаев атындағы Binom мектебінің 9-сынып оқушысы Парасат Сакишев және Ж.Досмұхамедов атындағы мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Ануар Әмірбек «JasUP» жобасында бас қосып, робот жасады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оқушылардың туындысы KazRoboSport додасында 2023-2024 жылдары кіші сумо категориясында жеңімпаз атанған.
Робот жасаушылар бұл жобаны іске асыру үшін екі ай жұмыстанған.
- Роботтар жапондық сумо күресінің кішірейтілген түрін көретеді. Қарсыласын жан-жағындағы алты датчик арқылы сезеді. Арнайы алаңда ең қысқасы 1-2, ең ұзағы 5-10 секундта қарсыласады.Салмағы 500 граммнан аспайды. Ішіндегі қозғалтқышын, датчиктерін Түркиядан тапсырыспен алдырдық. Сыртқы материалдарын 3D принтермен өзіміз жасап, барлығын құрастырдық, - деді Н.Қалымжан.
Айта кетейік, қазір “Теңізшевройл” ЖШС-нің әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасы аясында «JasUP» жобасы жұмыс жасауда. Мұнда жыл басынан бері 41 шеберлік сағаты, 7 ғылыми-техникалық жарыс және 6 курс өткізілген. Жоба шеңберінде ақпан-желтоқсан аралығында 3000-нан астам жас қамтылған.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:02
19 апреля
14:47
19 апреля
17:45
18 апреля
16:42
18 апреля
Объявления
14:24, 14 апреля
14:24, 14 апреля
53
12:20, 7 апреля
12
live comments feed...