14:00, 3 ноября 2023 г.
Жылыой ауданында Аманқос Ершуовты еске алуға арналған кеш өтті
фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жылыой ауданында ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жылыой ауданының құрметті азаматы Аманқос Ершуовтың 80 жылдығына арналған «Кең Жылыой - салқын самал саялым-ай» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Іс-шара аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова құттықтау сөз сөйлеп, ақиық ақын туралы пікір білдірді.
- Жылыой ауданы тек мұнайымен ғана емес, халқының кең пейілімен, өнегелі өнерімен де танымал болған өлке. Ұлы ақындардың асыл мұрасымен сусындап, оны тыңдап өскен Аманқос ағамыз ел мен жер тарихын, ауыл тұрмысын жырға қосқан айтулы сөз шебері болатын. Ақынның сүйсіне жырлайтын тақырыбы ел мен жердің жетістігі, әсіресе, ауылдастарының қажырлы еңбегі еді. Халық ағарту ісінің үздігі Аманқос ағаның бір шығармасы ғана емес, кітаптары қазақ поэзиясына қосылған зор үлес саналады,- деді Г.Айшуақова.
Кейін ақиық ақынның шығармашылығынан сүбелі өлеңдер оқылып, аға буындар қаламдас әріптестерінің есіл естеліктерімен бөлісті.
Әдеби кеш «Азамат сөзі» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасына жалғасты. Мүшәйраға Атырау қаласынан 10 ақын және облысқа қарасты аудандардан 12 ақын қатысып, өзара бақ сынасты.
Сайыс нәтижесінде, бас жүлдені атыраулық Нұрым Ерғалиев қанжығасына байласа, жүлделі І орынды Атырау қаласынан келген Гүлзада Ниетқалиева және ІІ орынды жылыойлық Сәулеш Шәтенова мен атыраулық Арман Жайықбаев иеленді. Ал үшінші орынға атыраулық Айнагүл Кемалиева, Бағыт Нұрлыбек және қызылқоғалық Ерасыл Аманғали ие болды. Қалған ақындарға алғыс хат пен арнайы жүлде табысталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
15:32, 8 ноября
11:22, Вчера
15
15:32, 8 ноября
11:22, Вчера
53
live comments feed...